Атырау экологтері жыл басынан бері 12 млрд теңгеден астам айыппұлды өндірді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының экологтері жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардан 12 млрд теңгеден астам айыппұлды өндірді.

айыппұл
Фото: freepik.com

Атырау облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Есеновтің айтуынша, экологиялық заңнаманың сақталуын қадағалау үшін сақтау 19 тексеру жүргізліген.

«Тексеру жүргізудің қорытындысымен заң талаптарын бұзуға байланысты 41 дерек анықталып отыр. Оның ішінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «North Caspian Operating Company N.V» филиалына және «Каспий нефть» АҚ секілді ірі кәсіпорындар бар. Қоршаған ортаны бүлдірушілерге қатысты 98 әкімшілік іс қозғалды», - дейді Ерлан Есенов.

Оның дерегіне қарағанда, «North Caspian Operating Company N.V» филиалының жұмысына жүргізілген тексеру кезінде еліміздегі экология тазалығын қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған.

«Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары толық көлемде және уақытылы орындалмаған. Сарқынды сулар тазартусыз ағызылып, нормадан тыс қолданылған. Сонымен бірге, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында қамтылған талаптар орындалмады. Осындай бұзушылықтардан НКОК компаниясына 12 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Осы кезге дейін аталған айыппұл қаржысы толық өндіріліп, мемлекетке қайтарылды», - деді Ерлан Есенов.

Сондай-ақ, «АМӨЗ» ЖШС мен «Каспий нефть» АҚ-да заң бұзушылықтар анықталып, соған сәйкес айыппұлдар салынған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы мұнай компаниясына 13,6 млрд теңге айыппұл салынғанын хабарлаған едік.

Кейін Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаға 5,3 мың тонна ластаушы заттар шығарғанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар