«Атырау» футбол клубы тағы 2 легионермен келісімшартты бұзды
АТЫРАУ. KAZINFORM — «Атырау» футбол клубының басшылығы тағы 2 легионермен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға шешім қабылдады.

Футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, легионердің екеуі де — Грузия Республикасының азаматы.
— Өзара келісімге сәйкес «Атырау» футбол клубынан грузиялық қорғаушылар Гиорги Гадрани мен Гиа Чадунелидің кететінін ресми хабарлаймыз. Ойыншылармен келісімшарт екіжақты түсіністік шеңберінде бұзылды. Командаға қосқан үлесі үшін аталған ойыншыларға алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына табыс тілейміз, — деп хабарлады футбол клубының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Атырау» футбол клубы 4 легионермен арадағы келісімшартты тоқтатқанын хабарлаған болатынбыз.
Кейін қазақстандық маман Денис Мамонов «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды.