Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Тілек Махуов тағайындалды. 

тағайындау
Фото: Атырау қалалық әкімдігі

Тілек Алдабергенұлы 1977 жылы Атырау облысында туған. Оның екі жоғары білімі бар.

1999 жылы Атырау мұнай-газ институтын, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 1999 жылды «Болат-Жол» АҚ-да жұмысшы болып бастаған. Ал, мемлекеттік қызметке 2004 жылы келген. 

2004-2006 жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, 2006-2008 жылдары Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. Бұдан соң Индер ауданында, Атырау қаласындағы «Қалакөркемдеу» КМК-да жоспарлау және құрылыс бөлімінің басшысы, 2009-2010 жылдары «ТМ Проект Строй» ЖШС бас инженері болған. 

2011-2012 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде күрделі құрылыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, 2013-2014 жылдары Астана қаласында «Аутсорсинг-Кадры», «BI-Development» ЖШС-да прораб, жетекші маман, 2014-2017 жылдары Атырау облысындағы Жылыой аудандық құрылысы, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымын атқарған. 

Ал, 2017-2022 жылдары «БатысҚұрылысИнвест» ЖШС-нің атқарушы директоры, 2023 жылдан осы тағайындауға дейін Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Әлия Бекешева Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне басшы болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар