Атырау маңындағы екі елді мекен аралығында жол үстінде сәбіз шашылып қалды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласының маңындағы екі елді мекен аралығында жол үстінде сәбіз шашылып жатыр. Алайда, екі сағаттан соң сәбізді жинап алып кеткен.
Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Видео авторы «Тегін сәбіз Ақсай-Ақжар арасында...» деп жазба қалдырған.
Видеодан жол жиегінде бірнеше көлік тоқтап тұрғанын көруге болады. Бірнеше адамның сәбізді жинап жүргені түсірілген.
Желі қолданушылары аталған видеоға байланысты түрлі пікір жазды. Бірі «Иә, Камаз-дың арты... ашылып төгілген. Камаз тоқтады. Біз жинап алайық, бір-бір килодан деп қоямыз ғой. Негізі тоқтап, бүкіл машина жинағанда...» деп жазған.
Енді бір қолданушы «Негізі жинап беру керек еді ғой, шашып алған адамға...» деді. Тағы бірі «Қояндарды алып келу керек...» дейді.
Дегенмен, шамамен 2 сағаттан соң сәбіздің толық жиналған. Мұны «Сағат 21:50-де қала жақтан әдейілеп келіп, кері айналып кетіп жатыр адамдар. Оған дейін дым жоқ қылып кеткен ғой» деген пікірден аңғаруға болады.
Еске сала кетелік, бұған дейін Павлодар облысында сәбіз бен картоп далада шашылып жатқаны туралы жазған едік.