Атырау мен Оралдың арасындағы жол орташа жөндеуден өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы уақытта республикалық маңызы бар KAZ12 «Атырау - Орал» автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізу бойынша ауқымды жоба басталмақ.

Өскемен мен Риддер арасындағы жаңа жол құрылысы неге созбалаңға салынып кетті
Фото: Kazinform

Бұл жол батыс өңірінің екі ірі қаласы — Орал мен Атырауды байланыстырады. Жалпы ұзындығы 487 шақырымды құрайды. 

- Жоба 364 шақырым жол төсемін қамтымақ. Негізгі атқарылатын жұмыстар: иірімді учаскелерді жою, қайта өңдеу әдісімен топырақты қосу арқылы негізді күшейту, астыңғы және үстіңгі жабынды төсеу, жолжиекті күшейту, сондай-ақ жол белгілерін орнату және таңбаларды салу, - деп жазды ҚазАвтоЖолдан. 

Қазіргі таңда қаржы көзі қарастырылуда. Содан кейін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, міндетті сараптамадан өтеді. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Қосымша автожолда шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Орташа жөндеу жұмыстарын 2025 жылдан 2027 жылға дейін өткізу жоспарлануда.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорданың жол құрылысында қандай кемшіліктер жиі кездесетінін жаздық.

Соңғы жаңалықтар