Атырау мұнай өңдеу зауытындағы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеушісінің денесін кесуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған дерекке қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір кешенді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын денесін өткір затпен кескен АМӨЗ қызметкері ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз. 

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы механикалық жөндеу цехының 4-разрядты жөндеушісі жылу оқшаулаушылар тобына енгізілген. Ол цех басшысының шешімімен келіспей, жұмыс істеуден бас тартқан. 

Цех басшысы кейін оны бұрынғы жұмысын атқаруға қалдырған. Алайда ол басшысының шешімімен келіспей, денесін өткір затпен кескен.

Соңғы жаңалықтар