Атырау мұнай өңдеу зауытындағы пешті іске қосу кезінде ақау шықты

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау мұнай өңдеу зауытында тағы бір ақау шықты. Бұл жолы пешті іске қосу кезінде ауа өткізгіштің герметикасы бұзылғаны анықталған.

Атырау мұнай өңдеу зауытының желісіндегі ақау толық жойылған
Фото: Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 20 қаңтарда болған. 

— Зауыттағы ЛГ-35/11-300-95 қондырғының керосинді гидротазалау блогындағы П-101 пешін іске қосу ауа өткізгіштің герметикасы бұзылды. Бұл оқиға өндірістік процеске және қоршаған ортаға әсер еткен жоқ. «АМӨЗ» ЖШС өндірістік қауіпсіздік пен жұмысшылардың денсаулығына бірінші кезекте көңіл бөледі. Компания жабдықтарды пайдалану мен технологиялық процестерді жүзеге асырудың жоғары стандарттарын сақтауды жалғастырады, — деп мәлім етті кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Қазір мұнай өңдеу зауытының қондырғылары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытының желісінен жанармай аққанын хабарлаған болатынбыз. 

Кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының желісіндегі ақау толық жойылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар