Атырау мұнай өңдеу зауытының желісінен жанармай ақты

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау мұнай өңдеу зауытының желісінен жанармай ағып кетті.

Атырау мұнай өңдеу зауыты
Фото: Атырау мұнай өңдеу зауыты

Бұл деректі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің баспасөз қызметі растады.

– Зауыттың №33 резервуар паркіндегі тауарлық автобензин компоненттерін айдау желісінде ағып кету фактісі анықталды. Жауапты мамандар құбырды резервуардан ажырату шараларын қабылдады. Қазір зауыттың жауапты қызметкерлері ақаудың салдарын жою жұмыстарын жүргізуді қолға алды, - деп мәлім етті зауыттың баспасөз қызметі.

Зауыт желісіндегі ақау мұнай өнімін жөнелту көлеміне әсер етпейді.

Қазір зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан будақтап бу көтеріліп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар