Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры көз жұмды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Бұл ақпаратты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Сисенов растады.

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры көз жұмды
Фото: anpz.kz

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнай химия бойынша басқарушы директоры Мұрат Досмұратов бүгін көз жұмды. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы отбасы мүшелерінің рұқсатынсыз ешқандай ақпарат берілмейтінін хабарлады. Ал «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Сисенов Мұрат Досмұратовтың қайтыс болғанын растады. 

Айта кетейік, Мұрат Досмұратов 2022-2024 жылдары аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры қызметін атқарды. Кейін «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнай химия бойынша басқарушы директоры болды. 

Айта кетейік, 2023 жылы мамыр айында Атырау қаласының № 2 сотында Атырау мұнай өңдеу зауытының («АМӨЗ» ЖШС) бұрынғы бас директоры Д. және сатып алу департаментінің директоры С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, екеуі де ақталып шықты. 

Сол жылы қараша айында іс облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қайта қаралып, Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-бас директоры сот залынан қамауға алынды.  Ал 2024 жылдың қараша айында Атырау соты мұнай өңдеу зауытының экс-директорын ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп таныды. Алайда аталған құжаттың 71-бабының 1-бөлігі негізінде ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты. Биыл қызметіне салғырт қарады деп айыпталып, іс сотта қаралған. Алайда қылмыс құрамы болмағандықтан іс қысқартылды. 

Соңғы жаңалықтар