Атырау облысы дене шынықтыру басқармасы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM –  Атырау облысы дене шынықтыру басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлім етті. 

жемқорлық
Фото: Kazinform

«Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Лауазымды тұлға ведомстволық бағынысты ұйымнан спортшыларға оқу-жаттығу жиындарынан өтуге бөлінген қаражаттан 1,2 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді», - деді Арман Тілеукенов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар