Атырау облысына 2,4 трлн теңгеге инвестиция тартылды

Атырау облысына тартылған инвестициялар көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде шетелден 3,5 млрд АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестиция құйылды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Серік Шәпкенов
Фото: Атырау облысының әкімдігі

«Инвестициялар тарту бойынша біздің облыс республикада алдыңғы орында тұр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде сыртқы инвестиция – 902,5 млрд теңге, ішкі инвестиция – 1 533,6 млрд теңге. Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестициялардағы Атыраудың үлесі 18,3%-ды құрайды, - деді Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызмет алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ облыс әкімі өңірде атқарылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтты. 

«Өткен жылы Атырау облысында екі ауқымды жоба аяқталды. Атап айтқанда, «NCOC» компаниясының теңіз түбін тереңдету жобасы және «КРІ» ЖШС полипропилен өндіру жобасы. Биыл 3,5 млрд АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Оның ішінде, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуға 3,4 млрд АҚШ доллары, құрылысқа 114,2 млн АҚШ доллары, кәсіби, ғылыми-техникалық қызметке 22,9 млн АҚШ доллары, одан бөлек 3,8 млн АҚШ долларына инвестиция тартылды», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар