Атырау облысына 5 айда шетелден 108 қандас көшіп келді

туризм
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысына 5 айда шетелден 108 этникалық қазақ көшіп келді. Қандастардың дені бұрын Өзбекстан Республикасында тұрған.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 1 маусымға дейін 6 елден атамекенге оралғандардың бәрі қандас мәртебесін алған.

«Атырау облысына биылғы 5 айда шет елдерден 89 отбасы көшіп келді. Бұл отбасылардың бәрі, яғни 108 адам этникалық қазақтан құралған. Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Қандастардың дені – 86 мүшесі бар 71 Өзбекстан Республикасынан қоныс аударды. Ал, Ресей Федерациясынан 9 отбасы (10 адам), Қытай Халық Республикасынан 6 отбасы (9 адам), Украинадан, Тәжікстан мен Түрікменстан Республикасынан 3 отбасы (3 адам) оралды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қандастардың арасынан 78 отбасы Атырау қаласында тұрақтап қалуды жөн көрген. Бұл отбасыларда 97 адам бар. Ал, 4 отбасы (4 адам) Жылыой ауданын, 1 отбасы (1 адам) Махамбет ауданын таңдапты. Сондай-ақ, Мақат 2 отбасы (2 адам), Құрманғазыға 2 отбасы (2 адам) және Индер ауданын 2 отбасы (2 адам) көшіп барған.

«Қазір Атырау облысында қандастарды уақытша орналастыру орталығы жұмыс істейді. Бірақ, бұл орталықта уақытша тұратын этникалық қазақтар тіркелмеген. Ал, тұрғын үй кезегінде 43 қандас тіркеуде тұр. Мансап орталықтарында 14 қандас жұмыссыз ретінде тіркеуге алынды. Әлеуметтік жұмыс орнына 1, қоғамдық жұмысқа 1 адам тартылды», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын былтыр Атырау облысына шетелден 272 этникалық қазақ көшіп келгенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum