Атырау облысында 1 жылда 24 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жатыр мойны обырына шалдыққан 560 әйел есепте тұр. Былтыр аталған аурудың салдарынан 24 әйел қайтыс болған.   

Атырау облысында 1 жылда 24 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болған
Фото: Павлодар облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Атырау облыстық онкология диспансерінің онко-гинекологы Жадыра Құдабаеваның айтуынша, биыл 6 айда жатыр мойны сырқатына 56 әйел шалдыққан.

«Жатыр мойны обырынан сақтанудың негізгі жолы – адам папиллома вирусына қарсы екпе алу. Дүниежүзілік ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, қатерлі ісікті тудырушы вирус адам паппиломасы екені дәлелденген. Осыған байланысты Атырау облысында 2012-2013 жылдары бұл екпе пилоттық жоба ретінде іске асырылды. Сол кезде екпе алған азаматшалардан аталған аурудың белгілері анықталмады. Сондықтан биыл вакцинаны қайта егу жоспарға енгізілді. Екпе салу оқушы қыздарға ата-анасының рұқсатымен ғана жүргізіледі», - деп хабарлады Жадыра Құдабаева.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 7 айда 72 адамнан қатерлі өкпе обыры табылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар