Атырау облысында 8 айда 10 913 сәби дүниеге келген

Атырау облысында жыл басынан бергі сегіз айда 10 913 бала дүниеге келген. Оның ішінде 9 052 нәресте Атырау қаласында тұратын отбасыларда тіркеуге алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәби
Фото: ҚазАқпарат

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы Атырау облысында 11 мың 133 сәбидің өмірге келгені тіркелген.

«Биыл туған балалардың дені Атырау қаласында тіркеліп отыр. Мұнайлы шаһарда 9 052 нәресте дүние есігін ашқан. Ал, 1 014 сәби Жылыой ауданында өмірге келген. Бұдан кейінгі орында Құрманғазы ауданы тұр. Мұнда 324 жас нәресте тіркелген. Мақат ауданында 165, Индерде – 163, Қызылқоғада – 89, Махамбетте – 68, Исатай ауданында 38 сәбидің өмірге келгені тіркеуге алынды», -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 503 грамм салмақпен сәби өмірге келгенін https://kaz.inform.kz/news/ansagan-sabi-atirauda-omrge-kelgen-sabidn-salmagi-503-gramm-ebed0f/ жазған болатынбыз.

Бес ай бұрын ең жеңіл салмақтағы сәби отбасының тұңғышы екен. Өмірге келген кездегі салмағы – 503 грамм, ал, бойы 28 сантиметр болған.

«Мұндай жеңіл салмақтағы сәби шала туғандар санатына жатады. Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері бес айдан бері сәбиге қарқынды ем-дом жүргізді. Осы кезге дейін оның салмағы 2 келі 500 грамға жетті. Жақында одан әрі ем-дом шараларын жалғастыру үшін Атырау облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Өйткені, оның өкпесі кішкентай болғандықтан, әлі де СРАР түтікшесіз аппаратымен оттегі беру қажет», - деп хабарлады перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар