Атырау облысында 95 бас жылқы малы қауіпсіз жерге шығарылды
АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында судың ортасында қалған 95 бас жылқы малы қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Атырау қаласы Бесікті елді-мекенінен 6 км қашықтықта тасыған өр суының ортасында қалған 95 бас жылқы малын (оның ішінде 10 бас құлын) қауіпсіз жерге шығару жұмыстарын жүргізді.
Құтқару-жұмыстарына ҚР ТЖМ 5 құтқарушы, 1 қайық жұмылдырылды.
Бұған дейін хабарлағанмыздай, Атырауда облысында із-түзсіз жоғалған екі жігіттің мүрдесі табылды.
Құлсарыда жаңадан салынатын 100 тұрғын үйдің іргетасын құю жұмысы басталды.