Атырау облысында Бас имам тағайындалды
АТЫРАУ. KAZINFORM – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Атырау облысының бас имамы болып Болатбек Ұласқанұлы Әбу тағайындалды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, ол бұған дейін Алматы қаласы Бостандық аудандық «Байкен» мешінің бас имамы қызметін атқарды.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов осы уақытқа дейін бас имам болған Алтынбек Ұтысханұлына өңірдегі рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға, дәстүрлі діннің ізгі қағидаларды жұртшылыққа дәріптеудегі еңбегіне, өңірдегі конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұтастықтың нығаюына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Болатбек Әбу 1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген, халықаралық деңгейде тәжірибесі бар білікті маман.
Ол Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аударма ісі мамандығы бойынша бакалаврын, араб филологиясы магистратурасын, шетел филологиясы бойынша докрантурасын тәмәмдаған. Сондай-ақ 2013 жылы аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін, республикалық имамдар білімін жетілдіру университетін бітірген.
2017 жылы Нұр-Мүбарак университеті жанындағы қайта даярлау институтының экстремизмнің алдын алу курсынан өткен.
Еңбек жолы:
1999-2002 жылдар аралығында - Қызылорда обл., Байқоңыр қаласы «Жәрімбет ишан» мешітінде азаншы, ұстаз, наиб имам;
2005 - 2008 жылдар аралығында - Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Студенттер кеңесінің мүшесі, төрағасы орынбасары;
2008 - 2010 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының референт-аудармашысы;
2009 - 2012 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқытушы;
2010 - 2014 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының әкімшілік және халықаралық істері жөніндегі көмекшісі;
2014 - 2018 жылдар аралығында - Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Аппарат жетекшісі, бас хатшы;
2018 - 2023 жылдар аралығында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы;
2023 жылдан бастап Алматы қаласы Бостандық аудандық «Байкен» мешінің бас имамы қызметінде болды.
Ақтөбе облысының бас имамы тағайындалғанын жазған болатынбыз.