Атырау облысында бірнеше салада бәсекелестікке кедергі келтірілген

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында мұнай өңдеу, көлік, денсаулық сақтау салаларындағы бәсекелестікке қарсы әрекет анықталып отыр.  

Атырау облысында бірнеше салада бәсекелестікке кедергі келтірілген
Фото: Kazinform

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облыстық департаменті басшысының орынбасары Әсел Әдиеваның дерегіне қарағанда, жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мұнай өңдеу, жуу-булау, мемлекеттік сатып алу және денсаулық сақтау саласында бәсекелестікке кедергі келтіретін жағдайлар анықталған.

– Мәселен, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС тарапынан мұнай өңдеу қызметіне жоғары баға белгілеленген. Сол арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері байқалды. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр, - дейді Әсел Әдиева.

Сондай-ақ меке медициналық мекемелердің қызметіне кедергі келтіруі мүмкін әрекеті Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына да қатысты тергеу тағайындалған.

– Аталған басқарма бұған дейін монополияға қарсы органның ресми хабарламасын белгіленген мерзімде орындамады. Біз монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтап қана қоймай, оны жою бағытындағы нақты шараларды қабылдадық. Атап айтсақ, кейбір ауылдардағы мәдениет үйі тарапынан келісімсіз қосымша қызмет көрсету деректері анықталды. Бұл заң бұзушылық тоқтатылып, департамент тарапынан берілген тиісті нұсқамалар орындалды, - деп мәлім етті Әсел Әдиева. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жасыл желекке күтім жасау конкурсына қатысушылардың құқығы шектелгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар