Атырау облысында екі ауданға әкім сайланды

Атырау облысында Исатай және Қызылқоға ауданының әкімін сайлау қорытындысы жария етілді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Kazinform. 

Атырау облысында екі ауданға әкім сайланды
Фото: Kazinform

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссияының мәліметінше, екі ауданда сайлаушылар тізіміне 34497 азамат енгізілген. Дауыс беруге 19328 сайлаушы қатысқан.

«Кандидаттардың жалпы саны – 6. Исатай және Қызылқоға ауданы әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді. Исатай ауданында Асылан Жарылғасұлы Ғұбаш үшін 1327, Рашид Тасанович Муканов үшін 2295 дауыс, Нұрым Бекежанұлы Мусин үшін 4934 дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 35. Ал Қызылқоға ауданында Канат Кадыржанович Азмуханов үшін 8556 дауыс, Магжан Абызович Жексенов үшін 892 дауыс, Сандибек Аманбаевич Салыков үшін 1137 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 56», - деп хабарлады сайлау комиссиясынан.

Сайлау қорытындысымен Исатай ауданының әкімі болып Нұрым Мусин сайланды. Ол 1980 жылы туған. Бұған дейін Исатай аудандық мәслихатының төрағасы болып жұмыс істеген.

Ал Қызылқоға ауданының әкімі лауазымына Канат Азмуханов сайланды. Ол 1981 жылы туған. Осы кезге дейін Қызылқоға ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының екі ауданында 34 487 сайлаушы дауыс беретінін жазған едік.

Сондай-ақ екі аудан әкімінің лауазымына 6 кандидат таласатынын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар