Атырау облысында екі күнде жол қозғалысы ережесі 2184 мәрте бұзылған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының полицейлері екі күнде жол қозғалысы ережесін бұзған 2184 дерек анықталған.

Шымкентте жол ережесін бұзатындар көбейген
Фото: Kazinform

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 8-10 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. 

«Бұл іс-шара кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ережелерді өрескел бұзудың және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға назар аударылды. Екі күнде жол қозғалысы ережесін бұзудың 2184 дерегі анықталды. Құқық бұзушылардың 85 автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Анықталған құқық бұзушылықтың арасында еліміздегі мiндеттi сақтандыру туралы заңнаманы бұзудың 191, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын жүргізудің 56 дерегі бар. Ал, 45 адам тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын айдап жүрген. Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын 158 адам жүргізген. 

Сондай-ақ, көлiк рульіндегі 46 жүргізуші телефонды не радиостанцияны пайдаланған. Ал, 1010 жүргізуші белгiленген жүру жылдамдығын арттырған. Алкогольдік ішімдік ішкен 9 жүргізуші көлік рульіне отырса, 5 адам көлікпен жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. 

«Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамауға қатысты 224 дерек тіркелді. Жүргізуші куәлігі жоқ 30 адамның рульге отырғаны анықталды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері құқық бұзған 7 207 жасөспірім полицияға жеткізілгенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар