Атырау облысында қаңтардан бері 2599 әйел жұмысқа орналасты

жәрмеңке
Фото: Атырау өңірлік комммуникациялар қызметі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жыл басынан бері 2599 әйел жұмыспен қамтылып отыр. Оның 426-сы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, биыл жұмыспен қамту мекемелеріне 6 019 әйел хабарласқан. 

«Жыл басынан бері 2599 әйел жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 426 әйел тұрақты жұмысөа орналасты. Ал, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына 2 173 әйел жіберілді. Тарқатып айтқанда, 1 654 адам қоғамдық, 179 адам әлеуметтік жұмысқа, 71 жас жастар тәжірибесіне, 26 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 243 адам «Күміс жас» жобасына жіберіліп отыр», - деп хабарлады Азамат Мәмбетов.

Оның айтуына қарағанда, биыл еңбек нарығындағы қажеттілік ескерілген. Сөйтіп, 281 әйел онлайн skills, ал, 152 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен оқыту курсында оқыған. 

«Кәсіптік бағдарлауға 2540 қыз-келіншек тартылды. Ал, әлеуметтік қолдау шараларымен 5572 әйел қамтылды. Оның ішінде ауылдарда тұратын 2075 әйел бар», -деп мәлім етті Азамат Мәмбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы жәрмеңкеде 37 компания 522 бос жұмыс орнын ұсынғанын хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар