Атырау облысында Махамбет пен Сарытоғай арасындағы жол жабылды

Автотрассу закрыли между селами Махамбет и Сарытогай в Атырауской области
Фото: Видеодан алынған скрин

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабының  мәліметінше, көп мөлшерде келіп жатқан судың салдарынан Махамбет пен Сарытоғайдың арасында қатынас үзілген.  

Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен, көп мөлшерде келіп жатқан өр суының бағытын бұру үшін «Махамбет — Сарытоғай» ауылын жалғап жатқан тас жолы жырылды, — делінген хабарламада.

Сол себепті, ауыларалық қатынасты үзбеу мақсатында қайық тасымалы қызметі іске қосылды.

Сарытоғай ауылынынан Махамбет ауылына жеке көлікпен қатынаушылар «Сейтек» шайханасы жанындағы айналма жолмен өте алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырау облысының Индер ауданындағы елді мекендердің тұрғындары Индербор кентіне қайықпен қатынаған болатын. 

Түнде Атырау облысында Сарайшық ауылы маңындағы зират аумағына тасқын су кіріп кетті. 

Соңғы жаңалықтар