Атырау облысында мектеп оқушылары онлайн форматқа көшірілді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты мектеп оқушылары онлайн форматта оқытуға көшірілді. Бұл шешім Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өткен жедел штабтың кезекті отырысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Атырау облысында мектеп оқушылары онлайн форматқа көшірілді
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

– Басты міндет – адам өмірі мен денсаулығын сақтау. Қазгидромет мәліметінше, желдің екпіні ертең де бәсеңдемейді. Қауіпсіздік мақсатында Атырау облысының барлық ауданында мектеп оқушыларын онлайн сабақ форматына көшіру керек, - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, 14 желтоқсанға қараған түні Атырау облысында циклон жүріп, ауа райы күрт нашарлады. Барлық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар