Атырау облысында су басқан үйлерді техникалық бағалау жалғасып жатыр

министр
Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM – Жылыой ауданында су басқан аумақты құрғату жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты.

«Қазір 2,8 млн текше метр су шығарылды. Өткен тәулікте электр энергиясына 56 тұрғын үй мен 4 кәсіпкерлік нысаны қосылды. Сонымен қатар, газ жүйесіне 92 үй қайта қосылды», - деді Р. Жұманғазин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, су тасқыны кезінде қырылған малға қатысты өтемақы төлеуге өтінім қабылдау жалғасып жатыр. 24-28 сәуір аралығында тұрғындар мен шаруа қожалықтарынан 74 өтініш келіп түскен.

«29 сәуірдегі жағдай бойынша 3 878 өтініш түсіп, 3 600 отбасы біржолғы материалдық көмек алды. Мұнымен қоса, жергілікті атқару органдары несиесін шегеруге қатысты тұрғындарды тіркеп жатыр. Қазір 2 395 мың адам тізімге енді, яғни бұл адамдардың тізімі банктерге жолданады. Ал келген шығынды бағалау жөніндегі комиссия жұмысына тоқталсақ, 2 692 өтініш келіп түсті. Бұл тұрғыда 600-ден астам үйге техникалық бағалау жүзеге асырылды», - деді баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар ол Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын көтеріліп жатқанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Атырау облысында 41 елді мекенде тасқын суға қарсы бөгет тұрғызылды.

 

Соңғы жаңалықтар