Атырау облысында тәртіп сақшылары суға секірейін деп жатқан әйелді құтқарып қалды

Атырау облысында тәртіп сақшылары
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

АТЫРАУ. KAZINFORM - 17 маусым күні Құрманғазы ауданында патрульдік полицейлер Әділбек Темірболатов пен Айтуған Бақтығалиев және Нұрмағамбет Мукушев өздеріне бекітілген аумақта, Бұзаусылан каналында көпірде іс әрекеті оғаш көрінген ер адамды байқаған.

Дереу жанына жеткенде ер адамның көпірдің арғы жағына өтіп, суға секірмек болған әйелді райынан қайтармақ ниетте екенін көрген полицейлер шұғыл әрекет етіп, оны қауіпсіз жерге шығарған.



«Мәселенің мән-жайын тексеру барысында көпірден секірмек болған 19 жастағы аудан тұрғыны екені анықталды. Аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Атырауда тұрақтандыру қорына көкөніс жеткізетін қожалықтар су тасқынынан зардап шекпегенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
telegram