Атырау облысында бір отбасының мүшелері іздестіріліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына Атырау қаласының тұрғыны ағасы мен бір отбасы мүшелерінің бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгінген.

Семью из четырех человек разыскивают в Атырауской области 
Фото: Атырау облыстық ПД

Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары қараша айында өз үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайта оралмаған.

Олардың жүрген жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдады. Басқа өңірлердің полиция қызметкерлері де осы іске жұмылдырылды.

- Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ерлі-зайыптылар мен олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік өңірлеріне бағыт алуы мүмкін.

Аталған азаматтардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болған барлық азаматтардан құқық қорғау органдарының 98-20-78, 98-20-88, +7 701 304 00 12 телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Атырауда үш адам газдан уланып көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум