Атырау облысында жыл басынан бері 123,4 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді
Атырау облысында жыл басынан бері 123,4 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді , деп хабарлайды Kazinform.

«Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 8 446,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 114,6%. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 563,8 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,2%, - деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызмет алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Әкімнің айтуынша, өңірдегі сауда 5 164,2 млрд теңге жетті. Нақты көлем индексі 112,5%.
«Өңірде 972,5 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары орындалды, нақты көлем индексі 105,1%. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 123,4 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 101,8%. Негізгі капиталға 2 436,1 млрд теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 99,0%. Көлік және қоймалар қызметі облысы бюджетіне 588,2 млрд теңге әкелді, нақты көлем индексі 99,1%. Облыста 558,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді»,- дейді облыс басшысы.