14:10, 26 Наурыз 2025 | GMT +5
Атырау облысында жол апатынан 3 адам мерт болды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысты. Жол апатының салдарынан 3 адам көз жұмды.

Атырау облыстық полиция дерартаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 26 наурызда болған.
— Таңертеңгі сағат 07:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы тасжолының 575-шақырымы тұсында Toyota Coaster автобусы мен Lada Vesta автокөліктері соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза болды. Ал 2 адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын БҚО‐да жеңіл көлік автобуспен түйісіп, екі адам көз жұмған еді.