Атырау облысындағы Қамыскөл көліне шомылуға уақытша тыйым салынды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында орналасқан Қамыскөл көліне шомылу үшін түсуге болмайды. Жылыой ауданының әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады. 

Атырау облысындағы Қамыскөл көліне шомылуға уақытша тыйым салынды
Фото: wikipedia

Қамыскөл көлі – Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының батыс бөлігіне таяу орналасқан су айдыны. Оның аумағы аса үлкен емес, шамамен ұзындығы – 3,2, ал ені 1,3 шақырымды құрайды. Аталған көл Жем өзенінен Бақашы және Құрсай каналы арқылы келген сумен толығады.

– Құлсары қаласының маңындағы Қамыскөл көлінен алынған су сынамасынан санитарлық-бактериологиялық, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге жасалған талдау қорытындысымен оң нәтиже анықталды. Осыған байланысты аталған көлдің суына уақытша түсуге тыйым салынады. Аудан тұрғындары мен қонақтарына денсаулықтың маңызы үшін аталған шараны қатаң сақтауды ескертеміз, - деп хабарлады әкімдіктен. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының су айдындарында 46 орында шомылуға рұқсат берілетінін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар