Атырау облысындағы Мақат ауданының әкімі тағайындалды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Мақат ауданына жаңа әкім тағайындалды. Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісіміне сәйкес облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымды Азамат Мәмбетов атқаратын болды. 

тағайындау
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Азамат Саматұлы 1986 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист мамандығымен бітірген. 

2006 жылдан бері мемлекетік қызмет саласында жұмыс істейді. 2006-2009 жылдары Ақтөбе қалалық әкімі аппараты жанындағы мекемеде кадр жөніндегі бас маман, 2010-2019 жылдар аралығында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының кадр ісі жөніндегі бас маманы, заңгер, бөлім басшысы болған. 

Ал, 2019-2021 жылдары Атырау облыстық облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бөлім басшысы, кейін басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. Сол жылдың мамырынан бүгінгі тағайындауға дейін аталған басқарманың басшысы лауазымын атқарып келді. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы Мақат аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтқан еді.

Кейін аудан әкімнің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізілетінін жазған болатынбыз. 

Мақат ауданының әкімі әйелінің айыптауына байланысты пікір білдірді. Біраз күннен соң Атырау облысындағы Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті.

Соңғы жаңалықтар