Атырау облысының әкімдігі Ұлттық қорға 2,5 трлн теңге аударды

Биыл 1 жартыжылдықта облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 315,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Серік Шәпкенов
Фото: Атырау облысның әкімдігі

«Биыл 1 жартыжылдықта облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 315,2 млрд теңгеге өсіп, нақты көлем индексі 103,8% құрады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыс экономикасының үлесі 14,1%. Ал жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 9,6 млн теңге», - деді Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызмет алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Әкім берген ақпаратқа сәйкес биыл 10 айда макроэкономикалық өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 135,8 млрд теңгені құрады.

«Жыл басынан бері салықтық және басқа да міндетті түсімдер 4,8 трлн теңгені құрады (2022 ж. 11 айда – 5,5 трлн теңге). Оның ішінде мемлекеттік бюджетке 2,3 трлн теңге түсті. Жыл басынан бері Ұлттық қорға 2,5 трлн теңге аударылды», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар