Атырау облысының тұрғындары полицияға 36 қару мен 76 оқ-дәрі тапсырды

Полиция Шымкент
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының тұрғындары полицияға 36 қару мен 76 оқ-дәріні тапсырды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 22 сәуірден бері тұрғындардан заңсыз қаруларды сатып алу акциясы өтіп жатыр. 

«Акцияның мақсаты – түрлі қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін азаматтардан заңсыз атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу. Атырау облысының тұрғындарынан 36 атыс қаруы мен 76 оқ-дәрі қабылданды. Қазір тиісті құжаттары жасақталып жатыр. Мемлекет тарапынан өз еркімен қару мен оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды тапсырған тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде сыйақы беріледі. Өз еркі қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапсырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері қылмыс жасаған 31 жасөспірім анықталғанын хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар