Атырау облысының жұмылдыру дайындығы басқармасында басшы ауысты

AТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың өкімімен Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы тағайындалды. Енді бұл лауазымды Серік Әміров атқарады.

Атырау облысының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы тағайындалды
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Серік Саматұлы 1979 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Д.Курский атындағы Саратов мемлекеттік құқық академиясында бітірген. Кейін Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде Executive MBA бағдарламасы бойынша «Іскерлік басқару» магистрі дәрежесін тәмамдаған. Сондай-ақ Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Canterbury Christ Church University университетінде тағылымдамадан өткен. 

Еңбек жолын Ақтөбе облысының прокуратура органдарында бастаған.

Кейін Атырау облысының прокуратурасында жұмыс істеп, Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімін басқарған. Маңғыстау облысының прокуратура органдарында және «Атамекен» ҰКП-да басшылық лауазымдарды атқарды. 

2024 жылдың ақпанынан бастап бүгінге дейін Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Теңізшевройл» компаниясына бас директор тағайындалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар