14:05, 02 Ақпан 2024 | GMT +5
Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды
АТЫРАУ. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Руслан Ешманов кірісті. Ол осы кезге дейін Индер аудандық полиция бөлімінің бастығы болған.

Руслан Олжабайұлы Атырау қаласында дүниеге келген. М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Атырау қалалық ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторы болып бастаған. Кейін Атырау қалалық Полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған. Осы тағайындауға дейін Индер ауданы полиция бөліміне жетекшілік етті.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Ғалымжан Жусанбаев Атырау мұнай зауытының бас директоры болғанын хабарлаған едік.