Атырау полицейлері мопед жүргізушісін ұстау кезінде құлатып алған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау полицейлері мопед жүргізушіні ұстау кезінде құлатып алған. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады.

Мопед
Фото: Видеодан алынған кадр

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, мопед жүргізушісі адам қағып, қашып кеткен. 

«Полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы Қ.Сәтпаев даңғылында мопед жүргізушісін ұстады. Мопедтің рульінде жасөспірім болған. Құқық бұзушы бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Алайда, мопед жүргізушісі патрульдік полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы талабын орындамаған. Полицейлер жасөспірімді ұстап, полиция бөліміне жеткізді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір тиісті іс құжаттары жинақталды. Тергеу басталды. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жылыой ауданынан көшірілген балалар сабақты онлайн оқитынын хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар