Атырауда шаңды дауыл қаланы басып қалды

АТЫРАУ. KAZINFORM - Бүгін Атырау шаң мен топырақтың астында қалды.

шаңды жел
Фото: Нұрбибі Теміртасова

Тұрғындардың айтуынша, кей жерлерде айнала мүлде көрінбей, қатты жел көтерген шаң ғимараттар мен жолдарды басып қалған. 

Синоптиктердің сөзінше, теңіздің тартылуына байланысты ашылып қалған ұсақ құм мен тұз желдің әсерінен ауаға көтеріліп, қаланы шаң басуына әкеп соқты.

«Казгидромет» РМК АОФ мамандарының айтуынша, жақын күндері Атырау облысы солтүстік-батыс циклонының әсерінде болады. Сондықтан екпінді жел мен шаңды дауылдың қайталану ықтималдығы жоғары.

Болжам бойынша Атырау қаласында шаңды дауыл ертең де жалғасады. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 12-14 градус жылы болады деген болжам бар.

- 17-18 наурыз облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың солтүстігінде тұман, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с, 15 наурыз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, 16-17 наурыз екпіні 15-20 м/с, 18-20 наурыз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз, 2 градус жылы, облыстың шығысында 6 градус аяздан 0-5 жылы, облыстың шығысында 3 градус аяз аралығында ауытқиды, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде 7 градустан 13-18 градусқа дейін жылиды,-деп мәлімдеді Казгидромет РМК АОФ.

Осыған дейін алдағы күндері Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күндіз ауа температурасы одан әрі көтерілетінін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар