Атырау тұрғыны мопедін көлік құралы ретінде тіркеуден өткізді
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда алғаш рет мопед көлік құралы ретінде тіркелді. Оны есепке қойған мұнайлы шаһар тұрғыны – 36 жастағы Руслан Абдугусейнов.

Оның айтуынша, мопедті тіркеу маусымының басталуын күткісі келмеген. Бүгін ол көлік құралы ретінде тіркеуден өткізген мопедіне мемлекеттік нөмір алды.
Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2025 жылғы 5 сәуірде көлікті тіркеу қағидалары мен Жол қозғалысы туралы заңдағы түзетулер күшіне енеді.
– Сол күннен бастап 50 текше метрлік мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Енді осындай көлікті айдау үшін жүргізушіге А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, ал мопедте мемлекеттік нөмір мен сақтандыру болғаны жөн. Мопедті техникалық тексеруден өткізу қажет. Шағын кубаторлық мототехниканы тіркету үшін иелеріне бірқатар құжатты ұсынуы керек. Бұл – жеке куәлік немесе оның сандық баламасы, көліктің техникалық құжаты, мопедтің сипаттамасы туралы ақпарат, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, былтыр Атырауда мопед жүргізушілерінің кесірінен 6 адам мерт болып, 70-і жарақат алғанын хабарлаған едік.