Атырау тұрғыны тиым салынған 282,5 келі бекірені заңсыз сатпақ болған
Атырау тұрғыны тиым салынған 282,5 келі бекіремен ұсталды. Күдікті заңсыз ауланған бағалы балықты сатпақ болған, деп хабарлайды Kazinform.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, күдікті 8 қарашада ұсталған.
«Депарменттің балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде 1997 жылғы тұрғынды ұстады. Күдікті – Атырау қаласының тұрғыны. Ол аулауға тиым салынған бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдап, сатпақ болған. Оның тұрғылықты мекен-жайына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 282,5 келі 76 бекіре тұқымдас балық тәркіленді, -деп хабарлады департаментті ңбаспасөз қызметі.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау тұрғыны 96 келі бекіре балығымен ұсталғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ, екі тұрғыннан заңсыз ауланған бекіре мен аңшы қаруы табылғанын жазған болатынбыз.