Атырау тұрғынына қатысты алаяқтық ісінде сот үкімі өзгертілді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласының тұрғыны сот үкімімен алаяқтық және азғыру тәсілімен лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беруге көндіріп, айдап салғаны үшін кінәлі болып танылған. Қалалық соттың үкімімен ол 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Сот үкімі
Фото: Pixabay.com

Сот актісінің заңдылығын тексеру кезінде сот 10 млн теңгені қылмыстық құқық бұзушылық жасау барысында алынған қаржыны мемлекет кірісіне негізсіз тәркілемегені анықталды. Бас прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, қаражат мемлекет пайдасына өндірілді.  

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін қала тұрғынының мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды. 

Еске салсақ, осыған дейін Павлодардың 19 жастағы тұрғыны оқушымен байланысы үшін сотталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар