Атырау тұрғынының көлігінен 1,5 келі бекіре уылдырығы тәркіленді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласы тұрғынының көлігімен 1,5 келі бекіре уылдырығын заңсыз тасымалдағаны анықталды.

«Бекіре – 2024»: Атырауда ұсталған жүргізушінің көлігінен 70 келі бекіре тәркіленді
Фото: Атырау облыстық ПД

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Lada Vesta автокөлігі күдік тудырған. 

– Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде күдік тудырған Lada Vesta автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Автокөліктің салонынан 1,5 келі бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылып, тәркіленді. Күдіктіге қатысты пайдалануға тыйым салынған жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, Атырауда мотоциклмен шана сүйреген браконьерлерден 530 келі балық тәркіленгенін жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар