11:42, 11 Қазан 2025 | GMT +5
Атырауда 10 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM — Ол қаладағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті, деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
— Атырауда полиция қызметкерлері жеке кәсіпорын басшысынан компания қызметіне қатысты бейнематериалды таратпау үшін 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен 36 жастағы журналисті ұстады. Ақшаның бір бөлігі — 4 миллион теңге — делдал арқылы берілген, — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Басқа адамдардың қылмысқа қатыстылығы тексеріледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, танымал журналист Асхат Ниязов қылмыстық іс фигурантына айналды.