Атырауда 10 жасар бала «Мұнайшы» стадионында бассейнге батып кетті

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда «Мұнайшы» стадионындағы бассейнге батып кеткен 10 жасар бала көз жұмды. Қазір кешенді тергеу басталды.

бассейн
Фото: Pexels

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

Оқиға бүгін, 14 шілде сағат 16:30 шамасында болған. 

«Атырау қаласындағы „Мұнайшы“ стадионындағы бассейнге 10 жасар бала батып кетіп, қайтыс болды. Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

«Мұнайшы» стадионындағы бассейніне 2019 жылы қайта жаңғырту жүргізілген.

Бассейндегі олимпиадалық стандартқа сәйкес 8 жолаққа бөлінген жүзу жолының ұзындығы — 50, ені — 21, ал тереңдігі 2 метрден асады. 

Бассейн 2020 жылы сенімді басқаруға берілген. Мұнда 600-ден астам бала су спортымен айналысуға келеді. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болғанын хабарлаған едік.

Қазір балабақша директоры мен тәрбиеші үйқамақта отыр.

Соңғы жаңалықтар