Атырауда 3,7 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда төленбеген 3,7 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды. Борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды.

Алматыда 2024 жылы көпдеңгейлі автотұрақтар пайда болуы мүмкін
Фото: Kazinform

Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, борышкер жүргізуші кеше, 27 мамырда ұсталған. 

«Күндізгі сағат 16:20 шамасында жедел басқару орталығының қызметкерлері Сатпаев-И.Тайманов көшелерінің қиылысында NISSAN автокөлігін анықтады. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің тексеруі кезінде көлік жүргізушісінің 3 млн 771 мың теңге айыппұлын төлемей жүргені анықталды. 1978 жылғы жігіт көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, рульге отырған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады қалалық полиция басқармасынан.

Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарын мамандандырылған әкімшілік сотқа жолдады. Ал, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында борышкерлер 162 млн теңгенің берешегін төлемей жүргенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар