Атырауда «Ақжайық» резерватындағы қамыс өртін әлі сөндіріп жатыр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында «Ақжайық» табиғи резерватындағы қамыс өрті әлі толық сөнген жоқ. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан мәлім еткнедей, бүін резерваттағы 20 гектар аумақтағы өртті сөндіру жалғасып жатыр. 

Атырауда «Ақжайық» резерватындағы қамыс өртін әлі сөндіріп жатыр
Фото: Атырау облыстық ТЖД

– Табиғи резреваттағы қамыс өртін сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды. Тікұшақпен тілсіз жау ошақтарына 27 рет, жалпы көлемі 81 тонна су төгілді. Қызыл жалынның елді мекендерге таралу қаупі жоқ, - деп мәлім етті департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан.

Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 52 адам, 10 техника, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды.

Жалын шарпыған аумақта уақтылы ақпарат алмасу үшін командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс орнатылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау тұрғындарына түтін мен ыстың иісіне байланысты көшеге шықпау ескертілді. 

Кейін Атырауда «Ақжайық» резерватындағы қамыс өртіне тікұшақпен 12 тонна су төгілгенін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар