Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі жалғасып жатыр

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырауда шахматтан Atyrau Open 2026 халықаралық турнирі өтіп жатыр. Тоғыз күнге жоспарланған жарысқа 8 жастан бастап әртүрлі жастағы шахматшылар қатысады.

Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі жалғасып жатыр
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Турнирдің Masters санатында 122 шахматшы бақ сынайды. Қатысушылар арасында Атыраудың тумасы, Қазақстанның қазіргі чемпионы Зарина Нұрғалиева да бар.

Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі жалғасып жатыр
Фото: Атырау облысы әкімдігі

— Atyrau Open 2026 турнирі FIDE халықаралық рейтингін есепке ала отырып, швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турдан тұрады. Әр партияға 90 минут уақыт беріледі. Сонымен қатар әр жасалған жүріс үшін ойыншылардың уақытына 30 секунд қосылады, — деді Қазақстан шахмат федерациясының Атырау облысындағы филиалының директоры Назгүл Мырзағалиева.

Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі жалғасып жатыр
Фото: Атырау облысы әкімдігі
Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі жалғасып жатыр
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Айта кетейік, Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі маусым айында Ақтөбе қаласында Владимир Дворковичті еске алуға арналған Aktobe Open 2026 турнирі аясында өтті. 

Ал шілде айында Өскеменде кубоктың екінші кезеңі — Oskemen Open 2026 ұйымдастырылды.

Атырауда Atyrau Open 2026 халықаралық шахмат турнирі жалғасып жатыр
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан кубогының финалына қатысушылар анықталады. Финалдық жарыс 1–13 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтеді.