Атырауда балабақша ауласында итті қорлаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды

собака
Фото: freepik.com

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда балабақша ауласында итті қорлаған ер адам ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Оқиға Атырау қаласында болған.

Аталған деректі растаған полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 30 жастағы күдікті ұсталған.

«Полиция қызметкерлері «Жұлдыз» шағын ауданының аумағында орналасқан балабақша ауласында бұралқы итті қорлаған ер адам ұсталды. Күдікті итті теуіп, жарға лақтырған. Қазір күдіктіге қатысты жануарларға қатыгездікпен қарау дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда тоңазытқыштың есігімен қысып, азаптаған итті АҚШ азаматы асырап алғанын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар