Атырауда балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы тағайындалды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жуырда құрылған Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына Гүлнафис Айшуақова басшы болып тағайындалды.
Атырау облысы әкімінің өкімімен Гүлнафис Айшуақова жаңа қызметке кірісті.
Гүлнафис Айшуақова 1984 жылғы 24 қарашада дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы «Карат» ЖШС-де заңгердің көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары заң кеңесшісі, іс жүргізу жөніндегі инспектор, Жылыой ауданы әкімі аппаратының бас маманы және бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2019-2023 жылдары Жылыой ауданының ішкі саясат бөлімін басқарды.
2023 жылғы қаңтардан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Жылыой ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Бұған дейін Атырау қаласының әкімі болып «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Данияр Таханов тағайындалғанын жазған едік.