Атырауда бәсеке туралы заңнаманы бұзған әуежай тексеріліп жатыр

әуежай ұшақ
Фото: Pixabay

 Атырауда бәсекелестікті қорғау заңнмасын бұзған әуежайда тексеру басталды, деп хабарлайды Kazinform.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аэровокзал алаңын коммерциялық мақсатта жалға беру қызметі нарығындағы бәсекенің жай-күйіне талдау жасалған.

– Бұған Атырау көлік прокуратурасының «АТМА-Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ-на қатысты Қазақстанның бәсекелестікті қорғау заңнамасы талаптарын сақтау тұрғысынан талдау жүргізу туралы талабы негіз болды. Талдау қорытындысына сәйкес «АТМА-Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ әрекетінде тұтынушылармен (жалға алушылармен) жасалған мәні бірдей келісімдерде әртүрлі баға не әртүрлі шартты қолдану бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды. Осыған байланысты кәсіпорынға Қазақстанның бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу белгілері туралы хабарлама жолданды. «АТМА-Атырау әуежайы және тасымалдау» мекемесіне қатысты заңнама бұзылғанын растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді анықтау мақсатында тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау волонтерлері абаттандыру жобасынан 14 млн теңгенің бұзушылығын анықтағанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар