Атырауда былтыр 1137 адам сотталған

АТЫРАУ. KAZINFORM – 2025 жылы Атырау облысының соттарында 1 650 тұлғаға қатысты 1 267 қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде 1 154 адамға қатысты 895 іс үкім шығарумен аяқталып, 1 137 адам сотталды, 17 азамат ақталған.

Қызылордадағы атышулы оқиға: 9 сотталушы кассациялық сотқа шағым түсірді
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Медиатордың қатысуымен 9 қылмыстық іс қаралған. Өткен жылы аяқталған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер саны артқан. Дегенмен бас бостандығынан айырылғандар мен күзетпен ұстауды санкциялау санын азайған.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек,
2025 жылы облыс соттарымен 21 886 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Оның 563-і апелляциялық сатыда қарастырылған. Медиацияны қолдану арқылы 1 842 іс аяқталды.

Азаматтық алқа төрағасының міндетін атқарушы Сағат Хасан былтыр 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда облыс соттарына келіп түскен талап қоюлар санының 5 716-ға, татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған істер санының 776-ға артқанын атап өтті.

«Облыс соттарымен 21 189 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 12 364 іс бойынша шешім шығарылған. Татуластыру рәсімдерімен аяқталған азаматтық істердің саны 3 093 істі құрады.
Азаматтық істер бойынша облыс соттарымен 78 жеке ұйғарым шығарылды.
Апелляциялық тәртіпте 1 142 іс қаралды», - деп хабарлады Атырау облыстық соты.

Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл Салихованың айтуынша, есепті кезеңде 1 203 әкімшілік іс қаралған. Оның 390-ы шешім шығарумен аяқталып, 230 талап арыз немесе 58,9 пайызы қанағаттандырылған. Татуластыру рәсімімен 141 әкімшілік іс аяқталған.
Татуластыру рәсімімен 141 әкімшілік іс қаралған. Әкімшілік істерді қарау нәтижесі бойынша 32 ақшалай өндіру туралы шешім болып, 28 жекеше ұйғарым шығарылды.
Апелляциялық алқа 192 әкімішілік іс қараған.

Өткен жылы Атырау облысында көпті алаңдатқан қылмыстық істерге нүкте қойылғанын еске салайық.

Жылыой ауданында жеті жастағы қызды зорлап, өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірген екі айыпталушы да өмір бойына сотталды.

Соңғы жаңалықтар