Атырауда былтырдан бері қаржы пирамидаларының 355 сілтемесі бұғатталған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында қаржы пирамидаларының 355 интернеттегі сілтемесі бұғатталған. 

Атырауда былтырдан бері қаржы пирамидаларының 355 сілтемесі бұғатталған
Фото: freepik.com

Атырау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Бекболат Әнесовтің айтуынша, мамандар күмәнді сілтемелерге талдау жасаған.

«Кейінгі жылдары қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің қатары көбейді. Оған басты себеп – қаржылық сауаттың төмендігі. Талдау нәтижесінде былтырдан бері 355 сайттың сілтемесі бұғатталды. Оның ішінде былтыр 296 сайт сілтемесі анықталды. Ал, алаяқтардың 59 сілтемесіне бұғаттау қойылды. Дегенмен, былтырғы дерекпен салыстырғанда, биыл осыған байланысты жүргізілген қылмыстық істер азайды», - деді Бекболат Әнесов. 

Оның айтуына қарағанда, қазір IT құралдары арқылы әлеуметтік желілер бақылауға алынған. 

«Тұрғындарға таныс емес адамдардан күмәнді ұсыныс түссе, оны дереу құқық қорғау органдары немесе Қаржылық мониторинг агенттігінің «Байқа пирамида» телеграмм боты арқылы анықтауға болатынын ескертеміз. Ал, қаржы пирамидасын құрған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - деп мәлім етті Бекболат Әнесов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда алаяқтыққа байланысты 300-ге жуық қылмыстық іс сотқа жолданғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар