Атырауда бір жылда 22 жасөспірімге қатысты 11 қылмыстық іс қозғалған

Атырау қаласында былтыр ішкі істер органдарына әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты 3 682 жасөспірім жеткізілген. Оның ішінде 22 жасөспірімге қатысты 11 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Kazinform.

жасөспірім
Фото: Ақтөбе облысы ПД

Атырау қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция тобының бастығы, полиция майоры Эльвира Иманғазиеваның айтуынша, жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстар 14 пайызға төмендеген. Алайда, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс 20 пайызға, ал жыныстық тиіспеушілік қылмысы 45 пайызға өскен.

«Атырау қаласы бойынша ішкі істер органдарына әртүрлі әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 3682 жасөспірім жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға 99 құжат жолданды. Комиссия шешімімен 10 ата-ананың құқығы шектелді. Ал, 3-еуі ата-ана құқығынан айырылды. Қаңғыбастықпен айналысқан 2 қыз 6 ай мерзімге Ақтау қаласындағы мектеп интернатқа орналастырылды. Бұзақылық және қасақана ауыр дене жарақатын келтіру дерегімен 22 жасөспірімге қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 3 жасөспірімге қатысты істер сотқа жолданып, оларға 1 жылдан 2 жылға дейін шартты түрде жаза тағайындалды», - деп хабарлады Эльвира Иманғазиева.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда тағдыры қиын 200-ге жуық кәмелетке толмаған бала барын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар